UFC-дің жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Камару Усман алдағы уақытта Джек Делла Маддалена мен Ислам Махачев арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездескісі келетінін мәлімдеді.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл кездесу 16 қарашада Нью-Йоркте өтеді.
– Иә, мен сол жігіттермен жекпе-жекке шығамын деп ойлаймын. Алла қаласа, олармен айқасқым келеді, – деді Усман Pound 4 Pound подкастында.
Осылайша, америкалық файтер UFC-дегі титулдық жарыстағы амбициясын тағы да көрсетті. Бұл салмақтағы басты үміткерлердің бірі – қазақстандық Шавкат Рахмонов. Ол қазіргі таңда жартылай орта салмақтың рейтингінде үшінші орында тұр және жарақаттан кейін қалыпқа келіп, октагонға оралуға дайындалып жүр.
Еске салайық, бұған дейін аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, спортшы Шавкат Рахмонов Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген эксклюзив сұхбат берген еді.
Спортшы қиындықпен өткен балалық шағы, ата-ана тәрбиесі, жеңіс жолын әңгімелеп берді.