×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Алматы – Бішкек тасжолында үш көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Бүгін, 15:55
Алматы – Бішкек тасжолында үш көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар
Видеодан алынған кадр

2025 жылғы 1 қарашада сағат шамамен 07:15-те Қарасай ауданындағы Алматы – Бішкек тасжолының 41-шақырымында үш көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus RX300 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Land Cruiser 100 және Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысқан.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан барлық жүргізушілер мен жолаушылар түрлі жарақаттармен Қаскелең қалалық ауруханасына жеткізілді, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерден абай болуды, жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз, – деп ескертті полиция өкілдері.

Серіктес жаңалықтары