×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында соңғы сөзін айтты

Бүгін, 11:28
Алика Мұхамадиева үкім шығар алдында соңғы сөзін айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Қарағандыда 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды деген айыппен өтіп жатқан сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Іс судья Арғын Құтышевтың төрағалығымен қысқартылған тәртіпте қаралып жатыр. Үкім бүгін кешке жариялануы тиіс.

Айыпталушы соңғы сөзінде сөйлеп, кінәсін мойындағанын және кішкентай баласы бар екенін ескеруді сұрады.

– Мен тағы да ренжіткен барлық адамдардан кешірім сұрағым келеді. Өте қатты ұялып тұрмын. Не айтарымды да білмеймін. Қатты өкінемін. Соттан үкім шығарғанда менің кінәмді толық мойындағанымды, шын өкінетінімді және кішкентай қызым бар екенін ескеруді сұраймын.

Адам қолда барынан айырылған кезде ғана бағалай бастайды. Мақсатқа, жетістікке ұмтылып жүріп, өмір сүруге үлгермей қаласың, қызымды ата-анама тастап кететінмін. Қазір мен бәрін беруге дайынмын, тек қасында болсам екен, – деді айыпталушы.

СОТ

Айта кетейік, 17 қазанда Қарағандыда қоғам назарын аударған Алика Мұхамадиева ісі бойынша сот отырысы өтті. Сотта прокурор Мұхамадиеваны 4,5 жылға соттауды сұрады. 

Еске салайық, жаз айларында Мұхамадиеваның Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары қоғамда үлкен дау тудырған еді. Пайдаланушылардың шағымынан кейін полиция тексеріс бастап, 2025 жылдың шілдесінде Мұхамадиева қамауға алынған.

Серіктес жаңалықтары