600 мың теңгелік торт дауы жалғасты. Блогер Әселина Батыр кондитер Нұршат Ақбергеновадан ақша талап еткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы кондитердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Оның сөзінше, блогер кешірім сұраудың орнына қарсы талап жіберген.
- Жаңа арыз. Енді жауапкер менмін. Кім екенін естісеңіздер де таңғалмайсыздар, дейді кондитер.
БЛОГЕР НЕ ТАЛАП ЕТІП ОТЫР?
Нұршат Ақбергенова блогер қандай талап қойғанын айтты.
- Мәліметтерді жария түрде теріске шығаруды, 7 000 000 теңге төлеуді (оның ішінде 5 млн теңге – моральдық залал, 2 млн теңге – шығындар мен «авторлық құқықтар»), сондай-ақ материалдарды жала жабу мен кибербуллинг фактісі бойынша тексеру үшін прокуратураға беруді талап етті, дейді Нұршат.

СОТ ҮКІМІ
Еске салайық, 29 қазанда торт ісіне қатысты сот үкімі шыққан болатын.