×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Бишімбаеваның анасы туысымен тағы соттасып жатыр

Бүгін, 18:00
Бишімбаеваның анасы туысымен тағы соттасып жатыр
Фото: жоғарғы сот

Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова туысы Бекзат Кемелованы 1 млн долларды иемденді деп айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астана қаласының сотында Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы бойынша іс қарала бастады, бұл аса ірі көлемдегі алаяқтық деп танылады, деп жазады nur.kz.
Еске салайық, биыл көктемде Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы осы туысы мен оның күйеуіне қарсы сотқа шағым түсіріп, оларды ақшаны иемденді деп айыптаған болатын. Кейін іс басқа судьяның қарауына берілген еді.

АЙЫПТАУ

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Нұрлыбекова Кемеловаға 990 мың доллар сақтауға берген. Кемелова оған Антикор қызметкерлері Нұрлыбекованың мүлкін тәркілеуді жоспарлап отыр деп сендіріп, ақшаны жасырып қоюды ұсынған.

– Менің қорғауымдағы Кемелова осы жағдайды пайдаланып, ақшаны сақтау үшін алған деген айып тағылуда. Алайда бұның бәрі шындыққа жанаспайды, біз мұны сотта дәлелдемекпіз. Барлығы екі отбасының арасындағы жанжалдан шыққан. Оның себебі – менің қорғауымдағы адамның күйеуі, бұрынғы сот-медициналық сарапшы, Бишімбаевтар отбасына көмектесуден бас тартқан. Олар Салтанат Нүкенова ісі бойынша келісім жасап, Қуандықтың қылмыстық жауапкершіліктен құтылуына жәрдемдесуді сұраған, – деді адвокат Игорь Вранчев.

Серіктес жаңалықтары