×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Суға артық ақша төлемеймін десеңіз - жаңа ереже күшіне енді

Бүгін, 19:10
Суға артық ақша төлемеймін десеңіз - жаңа ереже күшіне енді
Ашық дереккөзден

2025 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанда суық су мен кәріз үшін төлемді есептеудің жаңа әдісі күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?

Енді төлем мөлшері үйде немесе пәтерде су есептегіштің бар-жоғына байланысты болады. Егер есептегіш орнатылған болса — тек нақты тұтынған су үшін ғана төлейсіз. Ал есептегіш жоқ болса — әкімдік бекіткен орташа норма бойынша шот келеді.

Бұған қоса, көпқабатты үйлерде жертөледегі жалпы есептегіш пен көршілердің есептегіштері арасындағы айырмашылық та бөлініп, қосымша ақы ретінде есептеледі.
Индустрия министрлігі бұл норма бұрыннан бар екенін, енді ресми түрде бекітілгенін түсіндірді.

Сарапшылардың айтуынша, есептегішсіз тұратындар үшін төлем әрдайым жоғары болады (мысалы, Алматыда — адам басына 3000 теңге). Тарифтердің өсуі, үй ішіндегі ағып жатқан су немесе көршілердің қарызы да бұл соманы арттыруы мүмкін.

Есептегіш орнату — тек нақты тұтынған су үшін төлеудің жалғыз жолы. Сондықтан жаңа әдіс — есептегіш орнатуға тағы бір себеп.

Серіктес жаңалықтары