×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Телефоныңыз верификациядан өткен бе - бұл не үшін қажет

03.11.2025, 23:35
Телефоныңыз верификациядан өткен бе - бұл не үшін қажет
Ашық дереккөзден

Жоба іске қосылғаннан бері 2 580 236 құрылғы сәтті верификациядан өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде мобильді құрылғыларды верификациялау жүйесіндегі «жаппай ақаулар» немесе «телефондардың ажыратылуы» туралы эмоциялық жазбалар жиілеп кетті.

Жоба басталғалы бері 2 580 236 құрылғы сәтті тіркеуден өткен. Ал әлеуметтік желілердегі «жаппай ақау» және «жүйе істемейді» деген пікірлерді көбіне мобильді телефондарды бөлшек саудада сатумен тікелей немесе жанама байланысты адамдар қалдырады.

Міндетті верификация енгізілгеннен кейін ресми түрде әкелінген құрылғылар бірқатар артықшылықтарға ие болды — олар автоматты түрде тіркеледі, ал сатып алушылар кепілдік пен сервистік қызмет алады.

SIM-картаны ауыстырған кезде верификация қажеттілігі туралы хабарлама — құрылғының ажыратылатынын білдірмейді. Егер телефон бұрын тіркеуден өткен болса, оның мәртебесі сақталады. Ал жаңа SIM-карта орнатылған жағдайда, пайдаланушыда екінші IMEI-ді қосымша құжатсыз жеңілдетілген тәртіппен тіркеуге 30 күн уақыты бар.

Верификация процедурасы тегін, қолжетімді және ең алдымен тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, қауіпсіздікті арттыруға және Қазақстандағы мобильді құрылғылардың өркениетті нарығын дамытуға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары