×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Қытай Ресей мұнайының тең жартысынан бас тартты

Бүгін, 00:05
Қытай Ресей мұнайының тең жартысынан бас тартты
Ашық дереккөзден

Bloomberg ақпаратынша АҚШ-тың «Роснефть» пен «Лукойл» компанияларына қарсы қазан айының соңында енгізген санкцияларынан кейін Қытайдың ірі мемлекеттік және шағын жеке кәсіпорындары Ресейден мұнай жеткізудің жартысына жуығын тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Sinopec пен PetroChina секілді Қытайдың ірі мемлекеттік мұнай компаниялары, сондай-ақ бірқатар жеке кәсіпорындар Ресейден жанармай жеткізуді тоқтатты. Бұл шешім АҚШ-тың «Роснефть» пен «Лукойл» концерндеріне қарсы санкция енгізуінен кейін қабылданған. Бұл туралы Bloomberg агенттігі 3 қараша күні трейдерлерге сілтеме жасап хабарлады.

Норвегиялық Rystad Energy консалтинг компаниясының бағалауынша, Қытай күніне 400 мың баррель ресейлік мұнай сатып алудан бас тартқан — бұл Қытайға жеткізілетін ресейлік мұнайдың тәуліктік көлемінің шамамен 45%-ы. Бұл шешім әсіресе Сібірлік ESPO (ВСТО) маркалы мұнайға қатты әсер етті — оның бағасы күрт төмендеді. Бұрын қарашада жеткізілуі тиіс партиялардың бағасы Brent эталондық маркасымен тең (64–65 доллар) немесе ең көбі 0,5 доллар арзан болса, қазір жеңілдіктер 0,5–1 доллар аралығында, кей жағдайларда 1,7 долларға дейін жетеді. Осыған қарамастан, желтоқсанға арналған ESPO жеткізу келісімдері баяу жасалып жатыр.

ШАҒЫН КОМПАНИЯЛАР САНКЦИЯДАН ҚОРҚАДЫ

Қытайдың жеке кәсіпорындарының ресейлік мұнайдан бас тартуына Shandong Yulong Petrochemical компаниясының Ұлыбритания мен Еуроодақтың санкциялық тізіміне енуі әсер еткен. Енді бұл компания тек ресейлік жанармайды сатып алуға мәжбүр, себебі батыс жеткізушілерімен жұмыс істеу мүмкін болмай қалған.

Қазан айының соңында Ресейден мұнай сатып алуды тек Қытайдың мемлекеттік компаниялары тоқтатқаны хабарланған кезде, Reuters агенттігі жеке компаниялардың да ресейлік жанармайдан бас тартатынын болжаған. Алайда болашақта сауда жалғасуы мүмкін екенін де атап өткен. Мысалы, Үндістанның ең ірі мұнай концерні Indian Oil Corp (IOC) сатып алуды қайта бастаған.

АҚШ ПЕН ҰЛЫБРИТАНИЯ САНКЦИЯЛАРЫ

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) 22 қазанда Украинадағы соғысты бейбіт жолмен шешуге Ресейдің шынайы ниеті жоқ деген себеппен қосымша санкциялар енгізді. Жаңа шектеулерге «Лукойл» мен «Роснефть» ғана емес, олардың 34 еншілес компаниясы да ілікті. Сондай-ақ бұл санкциялар «Лукойл» мен «Роснефть» 50%-дан астам үлеске ие барлық компанияларға қатысты болады.

Оған дейін бір апта бұрын Ұлыбритания да «Лукойл» мен «Роснефтьке» қарсы санкциялар енгізген. Бұл шаралар активтерді бұғаттау, трасттық қызметтер мен тасымал операцияларына шектеу қоюды көздейді. Лондон бұл компаниялар Ресей үкіметі үшін стратегиялық маңызы бар — әсіресе энергетика саласында — деп түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары