×
528.31
608.35
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.31
608.35
6.55

Қазақстанда 80 блогер жазаланды

Бүгін, 08:23
Қазақстанда 80 блогер жазаланды
Ulysmedia.kz коллажы

Құмар ойындар мен лотереяларды реттеу комитеті жыл басынан бері рұқсатсыз лотерея мен ұтыс ойындарын өткізген 89 блогер мен аккаунтты анықтағанын хабарлады. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ведомствоның дерегінше, ереже бұзушыларға алдын ала хабарлама жіберіліп, оларға онлайн да, жеке кездесу форматында да түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Тізімге миллиондаған оқырманы бар ірі инфлюенсерлер, коммерциялық парақшалар және тек ұтыс ойындарын өткізу үшін құрылған арнайы аккаунттар енген. Тізім министрліктің сайтында жарияланды.

КОНТЕКСТ

Егер ұйымдастырушы өз кінәсін мойындаса, ол айыппұл төлейді. Ал келіспеген жағдайда іс сотқа жіберіледі. Заң бойынша лицензиясыз лотерея өткізген жеке тұлғаларға 100 АЕК, ал жеке кәсіпкерлерге 300 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда айыппұл екі еселеніп, алынған табыс тәркіленеді.

Серіктес жаңалықтары