×
528.31
608.35
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.31
608.35
6.55

Заңгер Қазақстанда жасауға болмайтын 3 жақсылықты айтты

Бүгін, 11:25
Заңгер Қазақстанда жасауға болмайтын 3 жақсылықты айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Заңгер Аслан Нұрланов Қазақстанда жасауға болмайтын 3 жақсылықты айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Заңгердің сөзінше, сол жақсылықты жасаған қазақстандықтар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

- Бірінші – әуежай, вокзал маңында ешқашан біреудің жүгін алмаңыздар. Себебі оның ішінде не барын білмейсіз. Егер ҚР аймағында тыйым салынған зат болса, қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз, – дейді заңгер. 

Екінші – ешқашан жолдан жолаушы алмаңыз. 

- Себебі ол адамның сөмкесінде не барын білмейсіз. Егер полиция тоқтатып, тыйым салынған затты табар болса сіз тағы да қылмыстық жауапқа тартыласыз, – дейді Аслан Нұрланов. 

Үшіншісі – ең маңызды. 

- Бір жерде төбелес болып жатса арасына барып, арашалауға тырыспаңыз. Сіз жақсы пиғылмен барсаңыз да оны дәлелдей алмайсыз. Себебі камера алыстан түсіреді, ал дауыс жазу жүргізілмейді. Сондықтан ажыратуға барғаныңызды дәлелдей алмауыңыз мүмкін. Қазақстанда қаншама адам осы себеппен қылмыстық жауапқа тартылған, – дейді заңгер. 

Серіктес жаңалықтары