×
528.31
608.35
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.31
608.35
6.55

Беларусь санцияны айналып өту үшін Қазақстанды пайдаланған - сарапшы

Бүгін, 18:00
Беларусь санцияны айналып өту үшін Қазақстанды пайдаланған - сарапшы
Фото: lrt.lt

Минскіде Казақстан Батыстың санкциялық қысымы мен геосаяси шиеленіс жағдайында «тыныш айлаққа» айналды деген пікір қалыптасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

САРАПШЫ ПІКІРІ

Беларусь саясаттанушысы Алексей Беляевтің айтуынша, оның елі үшін дәл Казақстан стратегиялық сауда серіктесіне айналуы тиіс. Оның сөзінше, бүгінде Беларусь Казақстанда өндірілетін бірқатар тауарларға мұқтаж.

Беляев Казақстан бір кездері КСРО-ның «астық қоймасы» болып, тың игеру науқандары жүргізілгенімен, бүгінде елде азық-түлік өнімдері бойынша «белгілі бір қиындықтар» бар екенін айтты. Сарапшы Казақстанмен ынтымақтастықтың қаржылық пайдасымен қатар, санкциялар жағдайындағы саяси маңыздылығын да атап өтті.

– Біз кейбір ірі ресейлік бизнес құрылымдары Казақстанға көшті, себебі ол жақта жұмыс істеу жеңілірек. Бірақ олардың сонда орналасуы Беларусь үшін де мүмкіндік терезесін ашатынын білеміз. Біз осы бағыт арқылы жалпы санкциялық қысымды еңсеруге тырысып жатырмыз. Сонымен қатар бізге Казақстаннан шикізат, мұнай, металл сияқты тауарлар қажет. Ал біз дәстүр бойынша қосылған құны жоғары өнімдер жеткіземіз. Сондықтан Казақстанмен сауда көлемін арттыру – біз үшін тікелей пайда, – деді Беляев sd.by басылымына берген сұхбатында.

Серіктес жаңалықтары