×
522.49
601.07
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.49
601.07
6.47

Қазақстанда денсаулық сақтау сапасы төмендеді - зерттеу

Бүгін, 11:05
Қазақстанда денсаулық сақтау сапасы төмендеді - зерттеу
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан денсаулық сақтау индексі бойынша елдердің рейтингінде төмен нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылы Қазақстан бұл рейтингте 99 елдің ішінде 60-орынға жайғасты. Елдің индексі — 60,7. Екі жыл бұрын Қазақстан 57-орында болған. Көшбасшы елдерден айтарлықтай артта қалған. Мұндай деректерді Finprom порталы Numbeo сайтына сілтеме жасап жариялады.

ӘДІСНАМА

Денсаулық сақтау индексі әлеуметтік сауалнамалар негізінде есептеледі. Көрсеткіш жүйенің жалпы сапасын ғана емес, сонымен қаатр, медициналық инфрақұрылымның, қызметтердің және ресурстардың қолжетімділігін де қамтиды.

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан мен дамыған еуропалық елдер арасындағы басты айырмашылық – медицинаға жұмсалатын шығын көлемі. Мысалы, АҚШ-та бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің 14,3%, Германияда — 10,6%, Франция мен Швецияда — 9,7%, ал Қазақстанда бар болғаны 2,9%.

КӨШБАСШЫЛАР

Индекс бойынша Тайвань бірінші орында тұр — 87 балл.
Екінші орында — Оңтүстік Корея (82,8),
Үшінші орында — Нидерланд (80,6).
Одан кейін бірден басқа дамыған елдер орналасқан.

Қазақстанға ең жақын көрсеткіштер Ресейде (57-орын) және Арменияда (61-орын) тіркелген.

Серіктес жаңалықтары