×
522.49
601.07
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.49
601.07
6.47

Bek Air ұшағы апаты: қаза болған ұшқыштар кінәлі деп танылды

Бүгін, 16:53
Bek Air ұшағы апаты: қаза болған ұшқыштар кінәлі деп танылды
Ашық дереккөзден

Алматыда 2019 жылдың желтоқсанында болған Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатына қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот үкімі сот кабинетінде жарияланды. Үкімді судья Дастан Алмагамбетов жария етті.

– Марат Мұртабаев пен Мейіржан Молдақұлов Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі бойынша («Адам өліміне әкеп соққан әуе көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу») кінәлі деп танылсын. Оларға жаза тағайындалмайды, себебі екеуі де қаза болған, – деді судья.

Процессуалдық шығындар (1,7 млн теңге) мемлекеттік есебінен өтеледі. Bek Air компаниясының мүлкіне салынған тыйым азаматтық істер шешілгенше сақталады.

Сот жәбірленушілердің өтемақы талап ету құқығын мойындап, өтемақы мөлшерін анықтау мәселесін азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға тапсырды.
Жәбірленушілер жалпы 4,8 млрд теңге көлемінде материалдық өтемақы талап еткен.

ҰШАҚ АПАТЫ

2019 жылғы 27 желтоқсанда Bek Air компаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жоспарлы ішкі рейсті орындау кезінде апатқа ұшыраған. Әуеге көтерілген сәтте ұшақ биіктігін жоғалтып, оңға бұрылып, бетон қоршауды бұзып өтіп, Гүлдала ауылы маңындағы тұрғын үйге соғылған.

Ұшақ бортында 98 адам (93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі) болған. Апат салдарынан 15 адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары