×
522.49
601.07
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.49
601.07
6.47

Автолизинг: шарттары мен талаптары қандай

Бүгін, 19:10
Автолизинг: шарттары мен талаптары қандай
Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Олжас Күсіпековтің айтуынша, автолизингке қатысты жаңа ережелер 2 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында талқыланып, 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

Түзетулердің басты мақсаты — қазақстандықтар үшін көлік сатып алуды жеңілдету. Жаңа талаптар бойынша:

  • Лизинг мерзімі автокөліктің пайдалы пайдалану мерзімінің (СПИ) кемінде 75%-ын құрауы тиіс. СПИ-ді лизинг беруші белгілейді (әдетте 5–6 жыл).
  • Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 46%-дан аспауы керек.
  • Екі есептік кезеңнен артық төлем кешіктірілсе, лизинг беруші көлікті қайтарып алып, келісімді біржақты бұза алады.

ДЕПУТАТТЫҢ ПІКІРІ

— Көлік сатып алудағы қаржылық қиындықтар көптеген қазақстандыққа таныс. Қымбат несие алуға немесе бастапқы жарнаға жылдар бойы жинауға бәрінің бірдей мүмкіндігі жоқ. Бұл мәселені біз алғаш рет екі жыл бұрын көтердік, енді міне, нақты шешімге қол жеткіздік. Басты мақсат — лизингті автонесиенің баламасына айналдырмай, халыққа ыңғайлы, икемді әрі тиімді құрал ету, — деді Олжас Құспеков. .

БҰҒАН ДЕЙІН

16 қазанда Үкімет автокөлік сатып алуға арналған лизинг механизмін енгізу жоспарын жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары