×
524.94
602.79
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.94
602.79
6.45

Ресейде қазақстандық тасымалдаушылар жазаланды

Бүгін, 12:03
Ресейде қазақстандық тасымалдаушылар жазаланды
фото: Александр Кондратюк / РИА Новости

Челябі облысындағы «Бугристое» өткізу бекеті арқылы 20 тоннадан астам жаңа жүзім Ресей аумағына кірмей қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметі (Россельхознадзор) хабарлағандай, екі партия өнімнің енуіне фитосанитарлық талаптардың бұзылуына байланысты тыйым салынған.

Бірінші партия — Қытайдан шыққан, салмағы 19,3 тонна жүзім, ол Қырғызстан арқылы Челябіге жөнелтілген. Тексеру барысында тауардың шығу тегі туралы деректердің жоқтығы анықталған.

Екінші партия — Қазақстанда өсірілген 1,5 тонна жүзім, ол Магнитогорск қаласына бағытталған. Бұл жүк өнімнің бір бөлігінде таңбалау болмағандықтан қабылданбаған.

– Толық деректердің болмауы өнімнің заңды шығу тегін және қауіпсіздігін растауға мүмкіндік бермейді, сондықтан мұндай тауарды ел аумағына кіргізуге тыйым салынады, – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

ЖАЗА

Барлық жүк Қазақстанға кері қайтарылды, ал көлік жүргізушілері Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары