×
524.94
602.79
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.94
602.79
6.45

Құқық қорғаушылар АҚШ билігін Орталық Азия президенттерімен кездесуде адам құқығы мәселесін қозғауға үндеді

Бүгін, 16:30
Құқық қорғаушылар АҚШ билігін Орталық Азия президенттерімен кездесуде адам құқығы мәселесін қозғауға үндеді
Фото: ашық дереккөзден

Құқық қорғаушылар АҚШ билігін С5+1 саммитінде Орталық Азиядағы репрессия мен адам құқығы мәселесін қозғауға үндеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Amnesty International USA құқық қорғау ұйымы АҚШ шенеуніктерін С5+1 саммитінде Орталық Азиядағы адам құқығы мен репрессия мәселесін күн тәртібіне шығаруға шақырды.

Ұйым Вашингтонда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстан президенттерінің басын қосатын саммитті аймақтағы азаматтық қоғамды басып-жаншу, сөз бостандығын тұншықтыру және ЛГБТ құқықтарын аяқ асты ету мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін алаң деп есептейді.

«Орталық Азияда авторитарлық тәсілдер күшейген тұса президент Трамптың аймақ басшыларын адам құқықтарын қорғауда қадам жасауға шақыруы өте маңызды», – деді Amnesty International USA ұйының Еуропа және Орталық Азия бойынша адвокатура жөніндегі директоры Бен Линден.

Бұған қоса, ол АҚШ Конгерсіне қайырылды.

«Егер президент Трамп бұл мәселелерді көтермесе, онда оған Конгресс мүшелері араласуы тиіс және Орталық Азия билігінен азаматтық қоғам мен осал топтарға қысымды тоқтатуды талап етуі керек. Саммиттегі үнсіздік аймақ үкіметтеріне қуғын-сүргінді жалғастыруға мүмкіндік беретін жазасыздық белгісі ретінде қабылданады. Американдық саясаткерлер адам құқықтарын құрметтеуді талап етуі керек және азаматтық қоғам еркін әрекет ете алатын жағдайларды қамтамасыз етуі қажет», — деді Бен Линден.

Amnesty International USA Конгресті саммит қорытындысы бойынша кез келген келісімге, соның ішінде минералды ресурстарды өндіру жобаларына бақылау орнатуға шақырады.

Контекст

6 қарашада АҚШ президенті Дональд Трамп С5+1 саммиті аясында Орталық Азия елдерібасшыларын қабылдайды. Жиынның негізгі тақырыптары – энергетика, стратегиялық ресурстарға инвестиция салу, сауда маршруттары және өңірлік қауіпсіздік мәселелері болады деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары