Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Песковтың айтуынша, түрлі әлемдік орталықтардың Орталық Азияға қызығушылық танытуы – кең таралған тәжірибе. Ол Ресейдің бұл елдермен өзара іс-қимылдың жеке форматы бар екенін еске салды – «Орталық Азия – Ресей».
– «Қытай – Орталық Азия», «Жапония – Орталық Азия», «ЕО – Орталық Азия» сияқты форматтар да бар. Сондықтан бұл қалыпты тәжірибе.
Біздің Орталық Азиядағы достарымыз бен серіктестеріміздің сыртқы саясатында барлық бағыт бойынша өз қатынастарын талқылауы – табиғи құбылыс, – деді Песков.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, «Орталық Азия – АҚШ» саммиті қазіргі уақытта Вашингтонда өтіп жатыр.