×
524.94
602.79
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.94
602.79
6.45

Еуропа ресейліктерге енді тек бірреттік виза береді

Бүгін, 22:10
Еуропа ресейліктерге енді тек бірреттік виза береді
Әлеуметтік желіден

Еуропалық комиссия ресейліктерге виза беру ережелерін қатаңдату бойынша жаңа шараларды дайындап жатқанын растады. Бұл туралы 6 қараша күні Брюссельде өткен брифингте Еурокомиссияның ресми өкілі Маркус Ламмерт мәлімдеді. Алайда ол нақты өзгерістерді алдын ала жариялаудан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КӨПРЕТТІ ВИЗАЛАРҒА ШЕКТЕУ КЕЛЕДІ

Ламмерттің айтуынша, Еурокомиссия мүше мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықта қосымша шараларды қарастырып жатыр. Жалпы ЕО деңгейінде ресейліктерге виза беруге толық тыйым салу мүмкін емес, себебі бұл әр елдің құзыретіне жатады. Дегенмен, Еурокомиссия Шенген аймағы елдерінің консулдықтары ұстануға тиіс ортақ ережелерді енгізе алады — мысалы, көпретті визаларға қатысты.

POLITICO: ЕНДІ ТЕК БІРРЕТТІ ВИЗА БОЛАДЫ

Politico басылымының дерегінше, ЕО көп жағдайда ресейліктерге көпретті шенген визаларын беруді тоқтатуды жоспарлап отыр. Егер бұл шешім қабылданса, ресейліктер тек бірреттік визалармен шектеледі. Гуманитарлық себептермен келетіндер мен ЕО елдерінің қос азаматтығы бар тұлғаларға ғана ерекше жағдай жасалады. Бұл шаралар Украинадағы соғысқа байланысты «жаза» ретінде қарастырылуда.

2022 ЖЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ШЕКТЕУЛЕР

2022 жылдың қыркүйегінде ЕО Ресеймен визалық режимді жеңілдету туралы келісімді тоқтатқан болатын. Содан бері виза алымының құны 35 евродан 90 евроға дейін өсті, ал өтініштерді қарау уақыты ұзарды. Польша, Латвия, Литва, Эстония және Чехия ресейліктерге туристік визалар беруді мүлде тоқтатты.

РЕСЕЙЛІКТЕРДІҢ ЕО-ҒА САПАРЫ АЗАЙДЫ

Бұл шектеулер мен санкциялар ЕО-ға келетін ресейліктер санын бірнеше есе қысқартты. 2021 жылы 4 миллионнан астам ресейлік ЕО елдеріне барса, 2023 жылы — 517 мың, ал 2024 жылы — 541 мың адам ғана тіркелген. 2024 жылы визалардың басым бөлігін Оңтүстік Еуропа елдері берген: Италия — 152 мыңнан астам, Франция — 124 мың, Испания — 111 мың, Греция — 60 мыңға жуық. Венгрия да көшбасшылар қатарында.

Серіктес жаңалықтары