×
524.94
602.79
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.94
602.79
6.45

Польша Украинаға газ жеткізуді қолға алды

Бүгін, 23:10
Польша Украинаға газ жеткізуді қолға алды
Ашық дереккөзден

Польша АҚШ-тан сұйытылған табиғи газды  көбірек импорттап, оны Украина мен Словакияға жеткізуді көздеп отыр. Бұл бастаманы Словакия президенті қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Польша энергетика министрлігі Reuters агенттігіне бұл ақпаратты растады. Алғашқы мәліметтер келіссөз барысымен таныс екі дереккөзден алынған. «Біз америкалық, словак және украин серіктестерімізбен бірге өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайту мақсатында америкалық газды импорттау мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз», — деп хабарлады министрлік 5 қараша күні.

Варшава бұл келісім Польшаға Шығыс Еуропадағы энергетикалық хаб ретіндегі рөлін күшейтіп, Еуроодақ пен АҚШ арасындағы энергетикалық байланыстарды нығайтады деп есептейді.

Reuters дереккөздерінің мәліметінше, АҚШ пен Польша өкілдері осы апта соңында Афинада өтетін трансатлантикалық энергетикалық конференциядан кейін СТГ жеткізілімін арттыру туралы ресми мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр.

Агенттік атап өткендей, Польша арқылы жеткізілуі мүмкін газ көлемі Словакияның бір жылдық тұтынуына тең болуы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары