×
526.79
606.34
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.79
606.34
6.51

Трамп Қазақстанға келуі мүмкін

Бүгін, 08:14
Трамп Қазақстанға келуі мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

АҚШ басшысы Дональд Трамп Ақ үйде журналистердің сұрағына жауап беру барысында Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҰРАҚ

Қазақстан мен АҚШ жалпы құны 17 миллиард долларды құрайтын келісімдер жасады. Ол авиация, минералды ресурстар және цифрлық технологиялар секілді бағыттарды қамтиды. Сіздің ойыңызша, бұл серіктестіктің қай саласы маңызды? Екінші сұрақ. Трамп мырза, Сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ Президенті деп қашан айта аламыз? Біздің елге қонақ болу жоспарыңызда бар ма?

ЖАУАП

– Бұл әбден мүмкін (Қазақстанға сапармен келу – ред). Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз. Сіздің табиғи ресурсқа бай еліңіз, сондай-ақ парасатты Президентіңіз бар, – дейді Трамп.

КЕЗДЕСУ

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамптың кездесуінің мән-жайын хабарлаған едік. 

Серіктес жаңалықтары