×
526.79
606.34
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.79
606.34
6.51

Жаңа ереже: Қазақстанда енді кімдер тұрғын үй алуға кезекке тұра алмайды?

Бүгін, 09:28
Жаңа ереже: Қазақстанда енді кімдер тұрғын үй алуға кезекке тұра алмайды?
Фото: әлеуметтік желіден

15 қарашадан бастап Қазақстанда тұрғын үй алу кезегіне тіркелу тәртібі жаңартылады. Енді мұқтаждар тізіміне ену қиындай түспек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Есепке қоюдан бас тартылуы мүмкін, егер:

  • соңғы 5 жыл ішінде осы елді мекенде өз меншігіңізде баспана болған болса;

  • бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алған немесе әкімдік арқылы жалдамалы тұрғын үйде тұрған болсаңыз;

  • құжаттарда жалған ақпарат көрсетсеңіз;

  • бұған дейін мемлекет берген баспананы жекешелендірген болсаңыз;

  • мемлекеттік немесе жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға қатысқан болсаңыз (мысалы, төмен пайызбен пәтер алған жағдайда).

Осы талаптардың кез келгеніне сай келсеңіз, енді тұрғын үй алу кезегіне өтініш бере алмайсыз.

Жаңартылған ережелер 2025 жылдың 15 қарашасынан бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары