×
526.79
606.34
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.79
606.34
6.51

Ресей қазақтар мен өзбектерді Украинаға қарсы соғысқа белсенді түрде тартып жатыр

Бүгін, 10:00
Ресей қазақтар мен өзбектерді Украинаға қарсы соғысқа белсенді түрде тартып жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

Орталық Азия елдерінен Ресей жағында соғысқан кемінде 1 400 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Украинаның «Хочу жить» жобасының дерегінше, Ресей әскеріндегі шетелдік жалдамалылардың ішінде көбіне Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстан азаматтары — жалпы саны 7 500-ден асады. Олардың кемінде 1 400-і соғыс кезінде қаза тапқан.

- Бұл елдердің үкімет мүддесі Кремльге мүлде маңызды емес. Ресей көрші мемлекеттерін отар елдер сияқты қабылдайды. Оларға өз сарбаздарының өлімі емес, соғысқа барынша адам жинау қажет. Сондықтан қарсы әрекет болмағанша, олар мұны жалғастыра береді. Ресейге қарсы тұру оңай емес, Украина бұны өз тәжірибесінен біледі. Бірақ егер Ресейдің жалдау әрекетіне тосқауыл қойылмаса, қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер мен түрікмендер оккупанттар жағында соғысып, бірінен соң бірі құрбан бола береді, — делінген хабарламада.

Украина билігі аймақ елдерін өз аумақтарындағы жалдау желілерін жоюға, Ресейге баратын азаматтарды соғысқа жіберілу қаупі туралы хабардар етуге және жалдамалы болуды таңдағандарға заңмен жауапкершілік жүктеуге шақырды.

ЖАЗА

Қазақстанда жалдамалылық қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

  • Шетел аумағындағы әскери іс-қимылдарға жалдамалылық белгілері жоқ жағдайда қатысқандарға — 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

  • Ал жалдамалылық үшін — 7 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру, сонымен қатар азаматтықтан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы көзделген.

Серіктес жаңалықтары