×
526.79
606.34
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.79
606.34
6.51

Қазақстанда картоп, қияр және қызанақ күрт қымбаттады

Бүгін, 18:35
Қазақстанда картоп, қияр және қызанақ күрт қымбаттады
Ulysmedia.kz коллажы

Соңғы айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы орта есеппен 6,3%-ға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕТ ПЕН СҮТ ӨНІМДЕРІ

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, қазан айында ет өнімдерінің бағасы едәуір көтерілген.
Атап айтқанда:

  • құс еті – 28,7%-ға,

  • шошқа еті – 23,9%-ға,

  • сиыр еті – 18,9%-ға,

  • жылқы еті – 9,9%-ға,

  • қой еті – 8,6%-ға қымбаттаған.

Сонымен қатар сүт бағасы 7,1%-ға, ал жұмыртқа бағасы 9,4%-ға өскен.

КӨКӨНІС ПЕН ЖЕМІС

Осы санатта да бағаның айтарлықтай өскені байқалады:

  • жүзім – 34,8%-ға,

  • қияр – 22,7%-ға,

  • картоп – 20,2%-ға,

  • бұрыш – 16,4%-ға,

  • қызанақ – 15%-ға,

  • сарымсақ – 8,6%-ға,

  • сәбіз – 5,3%-ға,

  • баклажан – 5,1%-ға,

  • қырыққабат – 2,8%-ға көтерілген.

АРЗАНДАҒАН ӨНІМДЕР

Ал кейбір дақылдар керісінше арзандаған:

  • күріш – 10,5%-ға,

  • тары – 4,5%-ға,

  • қарақұмық – 4%-ға,

  • соя бұршағы – 1,7%-ға,

  • сұлы – 1,3%-ға,

  • бидай – 1,3%-ға арзандаған.

Серіктес жаңалықтары