×
526.79
606.34
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.79
606.34
6.51

Бір ғана жұбайым бар - тоқал туралы айтып басы бәлеге қалған Абзал Құспан

Бүгін, 23:10
Бір ғана жұбайым бар - тоқал туралы айтып басы бәлеге қалған Абзал Құспан
Ulysmedia коллажы

Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желіде көп талқыланған сұхбатына байланысты ресми түсініктеме беріп, «тоқал» тақырыбына қатысты жеке ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол бұл мәселені мораль емес, құқық пен әлеуметтік қорғау тұрғысынан қарастыру қажет екенін айтты.

«Менің бір ғана жұбайым бар. Ол – марқұм ата-анамның ақ батасын алған, өмірлік серігім. Бұл тақырып менің жеке өміріме еш қатысы жоқ», – деп жазды депутат.

Құспанның айтуынша, қоғамда ресми некеде емес әйелдер адам құқығы мен әйел құқығынан тыс қалғандай әсер қалыптасқан. Бірақ басты мәселе – мұндай қатынастардан туған балалардың құқықтық жағдайы.

«Бала дүниеге келді ме – демек, оның құқығы бар. Ал бұл құқықты қамтамасыз ету – тек анасының емес, мемлекеттің міндеті», – дейді ол.

Депутат бірнеше маңызды тұжырым ұсынды:

  • Франция, Германия, Ұлыбритания және Скандинавия елдері заңнамадан «некесіз бала» ұғымын алып тастап, барлық баланы теңестірген.
  • Қазақстан Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялағанымен, оның механизмдері толық іске аспаған.
  • Іс жүзінде баланың құқығы ананың белсенділігіне тәуелді: сотқа беру, әке ретінде тану, алимент өндіру – бәрі анаға байланысты.
  • Ал ана әлеуметтік тұрғыдан әлсіз, құқықтық сауаты төмен немесе мүлде жоқ болса, баланы кім қорғайды?

«Полигамияны қолдамаймын. Бірақ біз бұл құбылысты терістей отырып, одан туған баланың бар екенін және мемлекет алдындағы жауапкершілікті жоққа шығара алмаймыз», – деп нақтылады депутат.

Құспан екі жолды ұсынады:

  1. Мәселені жоққа шығару.
  2. Көп әйел алуға заңмен тыйым салып, нақты жауапкершілік енгізу.

БҰҒАН ДЕЙІН

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан заң бойынша екінші әйел алуға рұқсат беруді қарастыру керегін айтқан. 

Құспанның сөзінше, оны әуелі қоғам талқысына салу қажет. Әрі қарай заңгерлер механизмін шығарады. 

Серіктес жаңалықтары