×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

Тарихи жеңіс! Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына шықты

Бүгін, 09:15
Тарихи жеңіс! Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына шықты
Қазақстан теннис федерациясы

Елена Рыбакина алғаш рет мансабында WTA маусымның қорытынды турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол жартылай финалда әлемнің бесінші ракеткасы Джессика Пегуланы 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Бірінші сетте Елена қарсыласына жол берді, алайда келесі партияларда сенімді ойнады.

Финалда қазақстандық спортшы Арина Соболенкомен кездеседі. Финалдық матч бүгін, 8 қарашада өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТАРИХИ ЖЕҢІС

Бұл нәтиже — тек Елена үшін емес, бүкіл қазақстандық теннис тарихы үшін де тарихи жетістік. Бұған дейін Қазақстан атынан шыққан ешбір теннисші жылдың қорытынды турнирінің финалында ойнаған емес.

Серіктес жаңалықтары