×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

Астанада тұрғын үйдің қаптамасы опырылып түсті: зардап шеккендердің жағдайы қалай

Бүгін, 16:58
Астанада тұрғын үйдің қаптамасы опырылып түсті: зардап шеккендердің жағдайы қалай
thesun.co.uk

Астанада тұрғын үйдің қаптамасы опырылып түсіп, бес адам зардап шекті. Дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендердің бәрі №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

– Бір науқастың жағдайы аса ауыр, оған шұғыл операция жасалуда. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде, олардың жағдайы ауыр, – деді дәрігерлер.

Сонымен қатар, екі науқастың жағдайы тұрақты, олар бөлімшеде ем қабылдап жатыр.

– Барлық зардап шеккен адам дәрігерлердің бақылауында, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оларға материалдық көмек те беріледі, әрі қарай емдеу мен оңалту шаралары жүргізіледі, – делінген Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Бүгін, 2025 жылғы 8 қарашада, Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы бойында тұрғын үй кешенінің қасбетінің бір бөлігі – сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер орнатылған бөлік құлап, бес адам жарақат алды.

Серіктес жаңалықтары