Астанада министрліктер үйінің алдына барған әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарымен әділет полковнигі, қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев сөйлесті. Ол аналарды заңға бағынып, ғимаратқа кіріп сөйлесуге шағырды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Басқожаев ғимаратқа телефон алып кіруге болмайтынын айтты. Оның сөзінше, әр жердің өзінің регламенті бар. Соған бағыну қажет. Бірақ оның бұл сөзіне аналар қарсылық білдірді. Олар ішке журналистердің де кіруін талап етті.
- Регламент бойынша тоғыз адам арыз жазғансыздар. Біз де тоғыз адам, қосымшадағы тізімнен тыс адамдарды кабылдауға әзірміз. Бірақ бұл жердің өзінің регламенті бар, – деді ол.
Ulysmedia тілшісінің хабарлауынша, ішке наразы аналардың жартысы кірген. Журналистер кіргізілмеген.
Контекст
Бүгін Астанада бір топ ана «Баланы әскерге барып өлсін деп туған жоқпын» деген плакат асынып, наразылық акциясына шыққан.
Аналар ҚР Конституциясының 1-бабы: «Адам өмірі – ең жоғары құндылық» және 12-бабы: «Әр адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға хақылы» қағидаларына сүйене отырып:
Әскери прокуратураның дерегінше, 2020 жылдан 2023 жылдың сәуіріне дейін елдің Қарулы күштерінде 270 адам қаза тапқан. Олардың ішінде 86 әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсаған. Сондай-ақ 20 суицид жасау әрекеті тіркелген. Ал «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен бар-жоғы бір ғана адам сотталған.