×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

"Маған қысым жасалып, өлсем, қорғаныс министрлігі кінәлі" - митингідегі аналар

"Маған қысым жасалып, өлсем, қорғаныс министрлігі кінәлі" - митингідегі аналар
Фото: Ulysmedia.kz

Астанада митингіге шыққан аналар қорғаныс министрлігінің өкілдерімен сөйлесіп шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Қосанов (қорғаныс министрі), Жайсанбаев қабылдайды дейді. Қара жамылған адамдарды қабылдап, біздің уәжімізді естіп, талапты заң аясында қараса. Жарайды, бір күнде заң шығара алмайды ғой. Бірақ біз белгілі бір уақыт беретін едік. 16 желтоқсанға дейін қарастырылып, нәтиже шығарып, реформаның орындалуын талап еткенбіз. Бірақ, өкінішке қарай, бізді алдады. Ішке кірсек адамдар ешқандай мәселемізді шешпей, ол адамдарды үш жарым жылдан бері көріп жүрміз. Осы уақытқа дейін ештеңе болған жоқ. Сондықтан Жайсанбаев пен Қосанов шықсын. Солардың шығуын талап етеміз, дейді митингіге шыққан аналардың бірі Гүлмира Мұқажанова. 

Олар ғимараттан шығатын жолды жауып тастайтынын айтты. 

- Егер Жайсанбаев пен Қосанов бізді кешкі сағаи беске дейін қабылдамайтын болса, біз осы жерден кетпейміз, аштық жариялаймыз. Қысым көрсетіліп, қамайтын болса жағдайды өздері ушықтырып алады. Маған қысым көрсетіліп, мені өлім жазасына апарса, қорғаныс министрлігі мен Жайсанбаев жауап береді, – дейді Гүлмира Мұқажанова. 

Айта кетейік, Гүлмира Мұқажанованың әскерге кеткен ұлы мүгедек болып қайтқан. Өзі жалғызбасты ана. 

Серіктес жаңалықтары