×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

Париж апелляциялық соты Франция экс-президенті Саркозиді түрмеден босатты

Бүгін, 18:03
Париж апелляциялық соты Франция экс-президенті Саркозиді түрмеден босатты
REUTERS/Sarah Meyssonnier

10 қарашада Париж апелляциялық сот Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді түрмеден босатып, оны сот бақылауына алу туралы шешім шығарды. Осылайша сот 70 жастағы Саркозидің адвокаттары берген апелляцияны қарап, өтінішін қанағаттандырды. Экс-президент түрмеде шамамен үш апта отырған, деп хабарлайды Ulysmedia.

Саркози түрмедегі күндерін «азапты» деп атады

Түрмеден шыққаннан кейін, Саркози электронды бақылау білезігін тағуға міндеттелді. Оған іс бойынша айыпталушылармен және куәгерлермен байланысуға тыйым салынды. Бейнебайланыс арқылы сотқа қатысқан Саркози түрмедегі уақытын «өте ауыр және жаныма батқан күндер» деп сипаттады. 

Франция тарихындағы бұрын-соңды болмаған жағдай

Николя Саркози қыркүйек айының соңында бес жылға бас бостандығынан айырылған және 21 қазан күні Париждегі La Santé түрмесінде жазасын өтеуді бастаған. Ол 9 шаршы метрлік жеке камерада отырған. Туыстары мен адвокаттары аптасына үш рет келуге рұқсат алған. Саркозиге тек құқық қорғау органдары бекіткен нөмірлерге ғана қоңырау шалуға мүмкіндік берілген.

Саркози екінші дүниежүзілік соғыстан кейін түрмеге түскен алғашқы француз президенті және Еуропалық Одаққа мүше елдердің түрмеге қамалған алғашқы бұрынғы мемлекет басшысы атанды. Жасына байланысты ол жазасын жеңілдету туралы өтініш беруге құқылы еді.

Сайлауалды заңсыз қаржыландыру ісі

Бұған дейін Париж соты Саркозиді 2007 жылғы президент сайлауы кампаниясын Ливия тарапынан заңсыз қаржыландыру арқылы қылмыстық сөз байласуға қатысқан деп айыптаған. Франция прокуратурасының мәліметінше, Ливияның сол кездегі басшысы Муаммар Каддафи Саркозидің сайлауалды науқанына шамамен 50 миллион еуро бөлген.

Бірақ мемлекеттік қаражатты жымқыру, пара алу айыптары бойынша Саркози ақталған.

Сондай-ақ, Франция билігі Саркозиді Құрметті легионның «Ерен еңбегі үшін» орденінен айырды. Бұл 1945 жылдан бергі алғашқы осындай жағдай болды.

Инколя Саркози 2007 жылдан 2012 жылға дейін Франция президенті болып қызмет атқарды. Ол Францияның 23-ші президенті болды.

Серіктес жаңалықтары