×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

Қазан айында 1213 зымыран Украина аспанынан өтті

Бүгін, 23:20
Қазан айында 1213 зымыран Украина аспанынан өтті
Ашық дереккөзден

2025 жылдың қазанында Украинаның әуе шабуылынан қорғану жүйесі күрт әлсіреп, Ресей шағын энергетикалық нысандарға жиі шабуылдай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Monitor Luftkrieg Ukraine есебіне сәйкес, Ресей Украина әуе шабуылынан қорғану жүйесін жоғары қарқынды аралас шабуылдармен басып-жаншуға тырысуда. Қазан айында жағдай айтарлықтай нашарлаған: ресейлік дрондар мен зымырандар Украина инфрақұрылымына елеулі зиян келтірген.

НЕГІЗГІ ДЕРЕКТЕР: 

  • Қазан айында Ресей Украина қалалары мен азаматтық нысандарға 5298 дронмен шабуыл жасаған — бұл күніне орта есеппен 170 дрон.
  • Бұл көрсеткіш тамыздан бері 6%-ға төмендеген, себебі РФ өндірістік мақсаттарына жете алмай отыр.
  • 1077 дронды Украина ПВО жүйесі тоқтата алмаған, ал ақпанда бұл көрсеткіш небәрі 100 дрон болған.
  • Дрондарды ұстау коэффициенті 80%-ға дейін төмендеген — бұл 2024 жылдан бергі ең нашар нәтиже.
  • Қазан айында Ресей 162 қанатты және 108 баллистикалық зымыран қолданған — баллистикалық шабуылдар бір айда үш есе артқан.
  • «Искандер-М» және «Кинжал» типті зымырандарды ұстау коэффициенті 15% ғана, ал жазда бұл көрсеткіш 40–50% болған.
  • Жалпы алғанда, 1213 зымыран ұстала алмаған, ал ақпанда бұл сан 145 болған.

ШАБУЫЛ НЫСАНДАРЫ

Ресей қыс маусымы алдында аймақтық энергетикалық нысандарға жиі шабуылдай бастаған. Бұл Украина үшін стратегиялық қауіп төндіреді.

Серіктес жаңалықтары