×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

Жетім емес – тірі жетімдер: журналист балалар үйіндегі шындықты ашты

Бүгін, 23:50
Жетім емес – тірі жетімдер: журналист балалар үйіндегі шындықты ашты
Ulysmedia коллажы

Журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желіде балалар үйіндегі ауыр шындықты қозғап, қоғамды ойландырған жазба жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол “Перзент” балалар үйінде болған өрттен кейінгі жағдайға назар аударып, көпшіліктің бейқамдығына сын айтты.

«Детдомда тек тұл жетімдер тұрады деп ойлаппын. Сөйтсем, ұл-қызын асырай алмай, киерге киім, ішер ас таппаған отбасылар да бауыр етінен бас тартып, балалар үйіне өткізіп жібереді екен», — деп жазды ол.

“НЕТКЕН ТАСЖҮРЕКТЕР ЕДІ?!”

Журналистің айтуынша, өрттен кейін уақытша шипажайға орналастырылған 35 баланың 15-і Алматы облысының тұрғындары болып шыққан.

«Төтенше жағдайдан кейін 8 баланы әке-шешесі үйіне алып кеткен. Тағы жеті баланы ата-аналары сенімхат арқылы қалдырып кетіпті. Былай қарасаң, көбінің ата-анасы бар екен. Көзін мөлдіретіп қалай ғана жетімдер үйіне өткізіп жеберген сонда? Неткен тасжүректер еді?!» — деп күйінді ол.

Диас Нұрақын Бағанашылдағы балалар үйін Қапшағайға көшіруге қарсы шыққандарды да сынға алды.

«Қапшағайда ашылған су жаңа әлеуметтік нысанның несі жақпай қалғанын түсінбедім?! Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев балаларды жинап алып жұмысқа жегейін немесе Қапшағайдың қоқысын тергізейін демеген шығар? Тағдыр тәлкегіне түскендер таза, қауіпсіз, алаңсыз жерде ержетіп, бойжетсін деген ниетпен көшірмек еді», — дейді журналист.

Оның сөзінше, ата-анасы тастап кеткен балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне мемлекет жауапты. Сондықтан Диас Нұрақын барлық жетімдер үйін тексеруді ұсынады. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Алматыдағы балалар үйінің аумағында орналасқан асхана ғимаратында өрт шыққанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары