×
523.58
605.36
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
605.36
6.45

АҚШ Сирияға қарсы санкцияларды азайтты

Бүгін, 08:00
АҚШ Сирияға қарсы санкцияларды азайтты
shutterstock

АҚШ өз шектеулерін азайтқаны туралы АҚШ Қаржы министрлігіне қарасты Шетелдік активтерді бақылау басқармасы хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әңгіме Дональд Трамптың алғашқы әкімшілігі кезеңінде қабылданған «Цезарь заңы» бойынша енгізілген санкциялардың бір бөлігін алып тастау туралы болып отыр. Енді АҚШ-та өндірілген азаматтық мақсаттағы тауарлардың басым бөлігін, сондай-ақ технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді Сирияға жеке лицензиясыз экспорттауға болады.

Сонымен қатар, бұрынғы сириялық президент Башар Асадқа қатысты санкциялар күшінде қалады. АҚШ сондай-ақ Ресеймен және Иранмен байланысты мәмілелерге қойылған шектеулерді сақтап, Сирияның «терроризмді қолдаушы мемлекет» мәртебесін қайта қарауды жалғастырады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін АҚШ-та Дональд Трамп пен Сирияның жаңа президенті Ахмед аш-Шарааның кездесуі жабық режимде өтті. Келіссөздер баспасөзсіз жүргізіліп, тараптар бірлескен баспасөз конференциясынан бас тартты. Бұл Сирия басшысы үшін АҚШ-қа алғашқы ресми сапар.

Серіктес жаңалықтары