×
523.58
605.36
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
605.36
6.45

"Ақталуы керек еді". Қасымбаевтың адвокаттары үкіммен келіспеді

Бүгін, 11:12
"Ақталуы керек еді". Қасымбаевтың адвокаттары үкіммен келіспеді
Ulysmedia.kz

Хасан Қасымбаевтың адвокаттары үкіммен келіспеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Сот барлық кемшілікке қарамастан осындай үкім шығарып отыр. Жеке қаулы да шығарған жоқ. Тергеу тарапын қанша кемшілік кетті? Оған судья мән берген жоқ, – дейді адвокаттары. 

Олар Қасымбаевтың кінәсі жоқ дейді. 

- Бір жәбірленуші Хасан Қасымбаевқа ешқандай талап қойып отырған жоқ. Оған кешірім берді. Бірақ сот оны ескерген жоқ. Үкім шықпай жатып Қасымбаевқа баға берілген. Ал Қасымбаевтан бөлек отырған бес сотталушы жазасын алып, өтеп жатқан адамдар ғой. Үкім жаңа мән-жай анықталды деп бұзылып отыр. Хасан ақталуы керек еді. Себебі екі жәбірленуші бойынша дәлел табылмады. Тәжиев (жәбірленуші) 2016 жылы болған, одан бері тоғыз жыл өтті. Әлиев (жәбірленуші) бойынша іс 2021 жылдан бері төрт жыл өткен. Хасан Қасымбаев кінәлі болса істі сол кезде қозғамай ма. Сол сәтте жауапкершілікке тартылмай ма, – дейді адвокаттар. 

Олар апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты. 

ҮКІМ

Еске салайық, бүгін Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты. 

Серіктес жаңалықтары