×
523.58
605.36
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
605.36
6.45

Берік Уәли: бұл жиһаз мен үшін алынбайды

Берік Уәли: бұл жиһаз мен үшін алынбайды
Ulysmedia.kz коллажы

Абай облысының әкімі Берік Уәли облыс әкімдігіне бөлінетін бюджет есебінен жиһаз сатып алу мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әкімнің айтуынша, жиһаз сатып алуға қатысты тендерлерді өткізу жұмысы 2024 жылы басталған.

- Біздің облыс жаңадан құрылған кезде мемлекеттік қызметкерлер тіпті кейбір жиһаздарды үйінен әкеліп пайдалануға мәжбүр болды. Мемлекеттік қызметшілерге тиісті жұмыс жағдайын жасау қажет. Бірақ менің кабинетіме бірде-бір жаңа үстел де, бірде-бір жаңа орындық та алынбайды, – деді Берік Уәли.

Әкім бұл бастама – мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру және жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған, алайда жеке басына арналған шығындарды қамтымайтынын атап өтті. 

Серіктес жаңалықтары