×
523.58
605.36
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
605.36
6.45

Асылов митингіге шыққан сарбаздардың аналарымен кездесуге уәде берді

Бүгін, 13:18
Асылов митингіге шыққан сарбаздардың аналарымен кездесуге уәде берді
Ulysmedia.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов хабарлады. Оның сөзінше, олардың әрбір уәжі назардан тыс қалмайды.

- Сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жөніндегі жұмыстарға, әскери қызметке шақырудың заңдылығына және медициналық қызметтің қорытындыларының негізділігіне баға беріледі. Осы жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері тартылды, – дейді Асылов. 

ТОҚАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ

Айта кетейік, күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды.

МИТИНГ

Еске салайық, 10 қарашада Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингіге шықты. Олар үкіметке бірнеше талдап қойды. Артынша әділдік іздеген аналарды полиция ұстап әкетті

Серіктес жаңалықтары