×
525.28
607.85
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.28
607.85
6.47

2028 жылға қарай Қарағанды облысында болат пен көмір өндірісі ұлғаяды

2028 жылға қарай Қарағанды облысында болат пен көмір өндірісі ұлғаяды
Gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, өңірдің өнеркәсіп өндірісі 4 триллион теңгеге жетіп, тау-кен және металлургия саласында жаңа серпін беретін жобалар қолға алынған. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әкімнің сөзінше, «Qarmet» компаниясы 2028 жылға дейін өндірісті жаңғыртуға 1,6 триллион теңге инвестиция бағыттауда. Көмір департаментінде 8 жаңа лава іске қосылып, көмір өндіру көлемі 15 пайызға өсіп, 6,2 миллион тоннаға жеткен. 

Металлургия саласында «5-9-5» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Оның аясында өндіріс көлемін арттыру және цифрлық технологияларды енгізу көзделген.

- 2028 жылға қарай Қарағанды облысында 5 миллион тонна болат, 9 миллион тонна көмір және 5 миллион тонна темір кені концентраты өндірілмек. Қазірдің өзінде болат шығару көлемі 3 миллион тоннаға дейін өсті. Барлық үш домна пеші табиғи газға ауыстырылып, тәулігіне 250 тонна мазутты пайдалану тоқтатылды. Газдандыру жұмыстары әрі қарай жалғасады, – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында 23 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Мұнда шарлы крандар, арматура, геомембрана, полипропилен және жылу оқшаулағыш құбырлар, ферросилиций мен түрлі техникалық бұйымдар өндіріледі.

- Алдағы уақытта алюминий радиаторларын және дайын металл өнімдерін шығару жоспарлануда. Қарағанды мен Саран қалаларында шағын өнеркәсіп аймақтарын құру жұмысы жүріп жатыр. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша өңір экономикасына 932 миллиард теңге инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 1,5 триллион теңгеге жеткізу жоспарланып отыр, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Серіктес жаңалықтары