×
525.28
607.85
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.28
607.85
6.47

"Педофилдердің болуы – Алланың барына дәлел". Ұстаздың сөзі талқыға түсті

Бүгін, 16:00
"Педофилдердің болуы – Алланың барына дәлел". Ұстаздың сөзі талқыға түсті
Видео кадры

Желіде ислам университетінің ұстазының сөзі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Видео Threads желісінде тарады. Видеода ер адам “педофилдердің болуы – Алланың барына дәлел” дейді. 

- Қалай ойлайсыздар? Керісінде педофилдердің болуы Алланың жоқ болуынан болмауы керек. Педофил болуы Алланың бар екенінің дәлелі. Неге деп ойлайсыздар? Егер Алла болмаса, біздің қалауымыз орындалады. Біздің қалауымыз педофилдің болуы ма, болмауы ма? Онда болмайтын еді. Бірақ біздің қалаған нәрсеміздің қарсысы болып тұр ма? Біздің қалауымыз орындалып тұр ма, орындалып тұрған жоқ па? Ол нені білдіреді? Ол біреу сенің қалауыңның орындалуын қалап тұр дегенді білдіреді. Ол қай зат? Бір затты қалап тұрсың. Сенде бүкіл қалауыңның орындалуы Алланың барына дәлел емес пе?, – дейді ұстаз. 

Айта кетейік, ұстаздың видеода айтқаны материалда сөзбе-сөз жазылды. 

Жазбада ұстаз Алматыдағы Нұр-Мүбәрак университетінде қызмет ететіні айтылған. 

Мән-жайын анықтау үшін университеттің өкілдерімен байланыстық. Жауап берілген жағдайда ақпарат қосымша хабарланады. 

Серіктес жаңалықтары