×
525.28
607.85
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.28
607.85
6.47

ҰБТ тапсыратын түлектер үшін маңызды жаңалық

Бүгін, 19:10
ҰБТ тапсыратын түлектер үшін маңызды жаңалық
Ulysmedia коллажы

Келесі жылдың түлектеріне Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті баллдары жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұлттық тестілеу орталығы келесі жылы ҰБТ форматы 5 пәннен тұратынын еске салды: 3 міндетті + 2 бейіндік. Баллдар былай бөлінеді:

  • Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3
  • Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3
  • Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5
  • 1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5
  • 2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5

БҰҒАН ДЕЙІН

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ETS халықаралық ұйымымен ынтымақтастық орнатқанын хабарлаған еді. Бұл ұйым білім беру мен таланттарды дамыту саласында жұмыс істейді. Ынтымақтастық Ұлттық бірыңғай тестілеуді трансформациялауға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары