Канада Сыртқы істер министрлігі қара тізімге енген жаңа ұйымдар мен компанияларды жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ведомство басшысы Анита Анандтың айтуынша, санкциялар бұл заңды тұлғалардың Ресеймен байланысына байланысты енгізілген. Өйткені Ресей Украинаға қарсы соғысын жалғастырып жатыр.
КОМПАНИЯЛАР
Тізімге Ресейдің сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыты мен «Газпром СПГ Портовая» теңіз терминалы, «Новатэк» компаниясының «Арктик СПГ — 2» жобасы, Қырғызстанның «Орталық Азия Капитал Банкі» және трансшекаралық есеп айырысу платформасы A7 енді. Сондай-ақ заңды тұлғалар тізіміне Ұшқышсыз жүйелер мен технологиялар орталығы, ресейлік Zservers компаниясы және Xhost Internet Solutions провайдері енгізілді.
САНКЦИЯЛАР
Еске салайық, 23 қазанда Трамп ресейлік компанияларға санкция енгізген болатын. Артынша Қазақстандағы банк та Еуроодақтың жаңа санкция тізіміне енді.