×
524.65
607.02
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
607.02
6.48

Антикордан қорыққан: Бишімбаевтың анасы 990 мың долларды қалай тапсырғанын айтты

Бүгін, 12:33
Антикордан қорыққан: Бишімбаевтың анасы 990 мың долларды қалай тапсырғанын айтты
Коллаж: ulysmedia.kz

Астанада Бишімбаевтар әулетінің туысына қатысты, көлемі бір миллион долларға жуық алаяқтық ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Антикордың тінтуінен қорқып, ірі көлемдегі ақшаны қалай тапсырғанын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Альмира Нұрлыбекова сотқа көк чемоданмен келді. Оның айтуынша, бұл чемодан іске тікелей қатысы бар айғақ. Ол ұлы тұтқындалғаннан кейін өте ауыр психологиялық жағдайда болғанын және қылмыстық қудалаудан қатты қорыққанын айтты.

— Үнемі үреймен, жабырқаулы күйде жүрдім. Мені қамап тастаса, не болады деп қорқатынмын, — деді ол.

Ақшаны “сақтауға тапсыруға” көндірген

Нұрлыбекованың сөзінше, айыпталушы Бекзат Кемелова — 15 жылдан бері танысы, оған Антикорда туысы барын, ал жақын арада тінту болады деп ескерткенін айтқан. Кемелованың айтуынша, Бишімбаевтар әулетінің барлық туыстары “бақылаудағы адамдар тізіміне” енгізілген-мыс. Бұл тізімде 30 адам бар, ал Кемеловтар отбасы ғана онда жоқ екенін жеткізген.

— 10 желтоқсан күні түстен кейін Кемелова баласымен біздің үйге келді. Біз жатын бөлмеге өттік, мен оның сөзіне еріп, ақшаны бір миллион долларды бердім. Бір бума ақшаны ашып, 10 мың долларын алып қалдым, сөйтіп 990 мың доллар тапсырдым, — деді Бишімбаевтың анасы.

Оның айтуынша, ақшаны қызы Аружанмен бірге көк чемоданға салып берген.

Уәде, қайтармау және соққы

Нұрлыбекованың нұсқасы бойынша, Кемелова ақшаны қайтаруға уәде берген, бірақ уақытында қайтармаған. Ол қаражатты белгісіз бір адам АҚШ-қа алып кетті деп түсіндірген-мыс. Бишімбаевтар отбасы Кемелованың күйеуін сөйлесуге шақырғанда, жағдай ушыққан. Айыпталушы өз кінәсін толық жоққа шығарып отыр.

Ал қорғау тарапының уәжі басқа. Кемелованың адвокаты Игорь Вранчев — бұған дейін Салтанат Нүкенованың өлімі ісінде оның отбасының мүддесін қорғаған. Ол бұл істі Бишімбаевтар отбасының “кегі” деп санайды. Оның айтуынша, Кемелова­ның күйеуі, бұрынғы сот-медициналық сарапшы Қайрат Кемелов, Салтанат Нүкенова ісі бойынша сараптамаларды қолдан жасауға көмектесуден бас тартқан, сондықтан Қуандық Бишімбаев жауапкершіліктен құтыла алмаған.

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы — “аса ірі көлемдегі алаяқтық” бойынша қаралып жатыр. Іс басқа судьяға берілгеннен кейін процесс қайта басталған. Биыл көктемде Бишімбаевтың ата-анасы Кемеловтерге қарсы “сақтауға тапсырылған бір миллион долларды қайтару” туралы талап арыз берген болатын. Сот процесі жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары