Kaspi.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық төлем корпорациясымен мақсатты модель аясында бірыңғай QR жүйесіне қосылу туралы келісімге қол қойды.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Kaspi.kz басшысы әрі компанияның тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деп пікір білдірді:
- Биыл біз Ұлттық банкпен өте белсенді жұмыс жүргіздік, әсіресе операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында. Бірыңғай QR жүйесіне қосылу — Қазақстанда кең ауқымды, заманауи және қауіпсіз төлем инфрақұрылымын құру жолындағы маңызды қадам. Жақын уақытта біздің қадірлі клиенттер кез келген банктің QR коды арқылы төлем жасай алатын болады.
Бірыңғай QR арқылы төлемдер Ұлттық банктің орталық инфрақұрылымы арқылы жүзеге асады. Барлық банктер бұл жүйеге тең жағдайларда қосылады. Мақсатты модель клиенттер мен компанияларды алаяқтық тәуекелдерінен ең жоғары деңгейде қорғайды.