×
524.65
607.02
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
607.02
6.48

Ресейліктер қазақстандық карталарды қалай алып жүр? Freedom жауабы

Бүгін, 16:00
Ресейліктер қазақстандық карталарды қалай алып жүр? Freedom жауабы
Ulysmedia.kz коллажы

Қолданыстағы шектеулерге қарамастан, Ресей азаматтарына Қазақстанда шығарылған банк карталарын рәсімдеуді ұсынатын қызметтер әлі де көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Пайдаланушылардың айтуынша, ресейліктер Freedom Bank логотипі бар Visa карталарын қашықтан рәсімдей алады деген ақпаратты тексеру үшін National Business Kazakhstan тілшілері халықаралық төлем жүйесі Visa мен Freedom Finance Global компаниясына ресми сұрау жолдаған. Visa әзірге жауап берген жоқ — сұрау жіберілгеніне 21 күн өткен.

FREEDOM ЖАУАБЫ

Freedom Finance Global NBK сұрауына келесідей ресми жауап берген:

«Қазақстан Республикасында резидент еместер мемлекеттік eResidency бағдарламасы аясында брокерлік шот аша алады. Бұл бастама — Президент Әкімшілігі мен Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған цифрлық бағдарлама. Ол шетел азаматтарына Қазақстанда бизнесті қашықтан жүргізуге және инвестиция салуға мүмкіндік береді, заңнаманың барлық талаптарына және халықаралық комплаенс нормаларына сай. Комплаенстан өткеннен кейін резидент еместерге инвестициялық және банктік өнімдер қолжетімді болады, оның ішінде Visa және Mastercard карталарын шығару да бар».

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Әңгіме болып отырған eResidency бағдарламасы Қазақстанда 2025 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Оның ресми сайтында бұл — шетелдіктерге ресми мәртебе мен банктік, инвестициялық және цифрлық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін цифрлық идентификация екені жазылған. Бағдарламаға қосылу рәсімі толық онлайн өтеді және тұлғаны сәйкестендіру кезеңін қамтиды.

Сайттағы сипаттамаға қарағанда, бағдарлама кәсіпкерлерге, стартап иелеріне, инвесторларға, IT-мамандарға, фрилансерлерге, цифрлық көшпенділерге, туристерге және басқа да резидент еместерге арналған. Ұйымдастырушылардың уәжінше, eResidency иелері қазақстандық банктік қызметтерді пайдалана алады, брокерлік шот аша алады, Visa, Mastercard және UnionPay карталарын шығара алады, Apple Pay және Google Pay қосады, сондай-ақ SEPA және SWIFT арқылы ел ішінде және халықаралық аударымдар жасай алады.

Бағдарлама сайты Bank RBK, Банк ЦентрКредит және Freedom Bank Қазақстанды қатысушы банк ретінде көрсеткен (айтпақшы, NBK ескерткендей, сайттағы атаулар ресми атаулармен сәйкес келмейді). Сипаттамадан бағдарлама ең алдымен Қазақстан экономикасына инвестиция салуды жоспарлаған табысы жоғары бизнес өкілдеріне, инвесторларға және мамандарға бағытталғанын байқауға болады.

Алайда Freedom картасын алып үлгерген Тула қаласының тұрғыны төмен жалақы алатын қызметкер болып шықты, Ресей аумағынан ешқашан шықпаған және оның жалғыз «инвестициясы» — Netflix қызметіне жазылым ғана.

Серіктес жаңалықтары