×
505.53
593.44
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.53
593.44
6.34

Тоқаев Мирзиеевпен келіссөз жүргізді

15.11.2025, 10:42
Тоқаев Мирзиеевпен келіссөз жүргізді
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.

Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді басым бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Еске салайық, бұған дейін Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы бес күнге жоспарын жария еткен еді.

 

Серіктес жаңалықтары