×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Air Astana рейстердің кешігетіні туралы хабарлады

Бүгін, 17:40
Air Astana рейстердің кешігетіні туралы хабарлады
Air Astana

Air Astana әуе компаниясы Airbus NEO ұшақтарымен орындалатын рейстердің кешігуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Компанияның хабарлауынша, рейстерге қойылған шектеулер ауа райына байланысты.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Airbus өндірушісі A320neo, A321neo және A321LR ұшақтарының ұшуын тым суық тұман кезінде және көріну қашықтығы 150 метрден аз болған жағдайда шектеді. Мұндай ауа райы Алматы халықаралық әуежайында қыс мезгілінде жиі кездеседі, – делінген хабарламада.

Жолаушылар өз рейстері туралы ақпаратты алдын ала ресми сайттан тексеріп алғаны жөн.

Еске салайық, бұған дейін де Air Astana әуекомпаниясы ауа райына байланысты Қазақстан бойынша рейстер кешіктірілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары