×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Ақмола облысында 14 жастағы оқушы қызды пышақтап өлтіріп кетті

Бүгін, 10:47
Ақмола облысында 14 жастағы оқушы қызды пышақтап өлтіріп кетті
Ulysmedia

Ақмола облысы Ынтымақ ауылының тұрғыны 14 жастағы оқушы қызды өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті бір тәулікке жетпей ұсталған.

– Қылмыс жасағаннан кейін ер адам жасырынуға тырысқан, алайда жедел іздеу шаралары нәтижесінде тез арада табылып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу аясында болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталады.

Тергеудің барысы полиция департаментінің басшылығының ерекше бақылауында.

– Күдікті заң бойынша қатаң жазаланады. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық ешқандай ерекшеліксіз, барынша қатаң түрде тоқтатылады,  – делінген полиция таратқан хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары