×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Михаил Шайдоров АҚШ-та өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Бүгін, 11:30
Михаил Шайдоров АҚШ-та өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының лидері Михаил Шайдоров АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қысқа бағдарламада спортшымыз үшінші нәтиже көрсетті. Ал еркін бағдарламада Шайдоров 161,42 ұпаймен көш бастады.

Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша ол 251,09 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орын алды.

Франция өкілі Кевин Аймоз жарыс жеңімпазы атанды. (253,53 ұпай). Қола медальді жапониялық Казуки Томоно жеңіп алды (245,57 ұпай).

Еске салайық, бұған дейін Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінің қысқа бағдарламасында үшінші орын алғанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары