×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Бас прокуратура iPhone иелеріне үндеу жасады

Бүгін, 16:40
Бас прокуратура iPhone иелеріне үндеу жасады
Pexels.com

Бас прокуратура қазақстандықтарды алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Прокурорлардың шетелдік сарапшылардың мәліметіне сүйеніп айтуынша, қаскүнемдер Apple компаниясының атынан жалған SMS және iMessage хабарламаларын тарата бастаған. Хабарламада «табылған» iPhone моделі, түсі және жад көлемі көрсетіледі – барлығы да хабарламаны шынайы етіп көрсету үшін жасалған.

Басты мақсат — адамды фишингтік сілтемеге кіргізу. Сол сілтеме ашылғанда, Apple-дің Find My сервисін айнытпай көшірген жалған парақша шығады. Егер Apple ID мен құпиясөзді енгізсеңіз, мәліметтер бірден алаяқтардың қолына өтеді. Осыдан кейін олар активация бұғауын алып тастап, құрылғыға және иесінің жеке ақпаратына толық қол жеткізе алады.

КОНТЕКСТ

Бас прокуратура бұл алдау тәсілі тез тарап жатқанын атап өтіп, қолданушыларды сақ болуға үндеді. Ведомство мынадай кеңес берді:

  • күмән тудыратын сілтемелерге кірмеңіз;
  • жоғалған құрылғы экранында контакт көрсеткіңіз келсе, бөлек электронды пошта қолданыңыз;
  • SIM-картаны PIN-кодпен қорғаңыз;
  • құрылғыны тек icloud.com/find арқылы ғана тексеріңіз.

Ведомство киберқауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау маңызды екенін, мұндай сақтық ауыр салдардан қорғайтынын еске салды.

Серіктес жаңалықтары