×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Жұмыссыз қалғандар мемлекеттен берілетін төлемді қалай ала алады?

Бүгін, 09:48
Жұмыссыз қалғандар мемлекеттен берілетін төлемді қалай ала алады?
Ulysmedia.kz коллажы

2025 жылдың 1 қарашасына қарай Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлемді 308,4 мың адам алған. Оның ішінде 268,6 мың азамат бұл төлемді биыл рәсімдеген. Жалпы аударылған сома 106,8 млрд теңге, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен соңғы 24 айдағы табысына қарай 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем ала алады. Төлем мөлшері жоғалған табыстың 45 пайызына дейін жетеді және ол МӘСҚ қаражатынан қаржыландырылады.

ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ

Төлем рәсімдеу үшін:

  • eGov.kz порталына кіру қажет;
  • «Жұмыспен қамту» бөлімінен «Жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу» қызметін таңдау;
  • өтінімді онлайн толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою;
  • бір күн ішінде тұрғылықты жердегі жұмыспен қамту орталығы вакансиялар ұсынады;
  • жұмыс табылмаған жағдайда 3 жұмыс күні ішінде азаматқа қашықтан «жұмыссыз» мәртебесі беріледі (қажет болса, орталықтың маманы қосымша ақпарат үшін хабарласады).

Сондай-ақ өтінімді Электронды еңбек биржасы enbek.kz арқылы да беруге болады.

Азаматтың жұмыссыз ретінде тіркелуі расталған соң, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жүйесі проактивті түрде төлем тағайындауды ұсынатын SMS жібереді. Төлем алу үшін хабарламаға келісім беру жеткілікті.

МӘСҚ-тен берілетін әлеуметтік төлем жұмыстан қандай себеппен босатылғанына қарамай тағайындалады. Төлемнің негізгі мақсаты – жұмыс іздеу кезеңінде азаматтарға қаржылай қолдау көрсету.

Серіктес жаңалықтары