×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Яна Легкодаимованы өлтіргендерге сот үкімі шықты

Бүгін, 11:55
Яна Легкодаимованы өлтіргендерге сот үкімі шықты
Ашық дереккөзден

Яна Легкодаимованы өлтіргендерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ ҮКІМІ

Ризуан Асланов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қанды оқиға 2024 жылдың қазан айында болған. 18 қазанда Яна Легкодимова Ризуан Хайржановпен кездесуге кеткеннен кейін жоғалып кеткен. Тергеу нұсқасына сәйкес, жанжал үстінде күдіктілер қызды өлтіріп, денесін Талдыкөл өзеніне тастаған.

Янаның анасы іздеу жұмыстарын жеке өзі бастап, полицияға жүгінген. Екі күдікті көп ұзамай ұсталғанымен, қыздың денесі тек сегіз айдан соң — 2025 жылдың маусымында Атырау маңынан табылды.

Айыпталушыларға алдын ала сөз байласып адам өлтіру, қылмысты жасыру, қылмыс туралы хабарламау және мүлікті ұрлау баптары бойынша айып тағылды.

Сот шешімімен Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары