×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Қалың қар мен жылымық: көктемде су тасқыны болуы мүмкін бе?

Қалың қар мен жылымық: көктемде су тасқыны болуы мүмкін бе?
Ulysmedia.kz коллажы

Алда келе жатқан қыс мезгілінде күтілетін қалың қар, жиі жылымық және температураның күрт өзгеруі топырақта мұздаған қабаттың қалыптасуына алып келуі ықтимал. Мұндай құбылыс келер көктемдегі су тасқынының қаупін күшейтеді. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз жиынында «Қазгидромет» гидрометорталығының директоры Марина Шмидт айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қауіптің негізгі себебі неде?

Маманның сөзінше, топырақта пайда болатын мұз қабаты судың сіңуін шектейді. Соның салдарынан қар ерігенде су көлемі көбейіп, тасқын қаупі жоғарылайды.

- Жылымықтан кейін суықтың қайта түсуі мұз қабатын қалыңдатады. Бұл жағдай әсіресе орталық, солтүстік және шығыс өңірлерге әсер етуі мүмкін, – деді Шмидт.

Ол екі жыл бұрын болған ірі су тасқындарының қайталану ықтималдығына қатысты нақты баға беру ерте екенін, дегенмен белгілі бір қауіп бар екенін атап өтті. Гидромет қызметі су тасқынына қатысты лдын ала болжамды 1 ақпанда жариялайды, ал негізгі болжам 1 наурыз белгілі болмақ. 

Әр өңірге бөлек болжам жасалады. Онда күтілетін қар мөлшері, температуралық өзгерістер және жергілікті су тасқыны қаупі көрсетіледі. Мамандардың айтуынша, қыстың қалай өтетінін көктемгі жағдайды айқындайды. Әзірге барлық тәуекелдер бақылауда.

КОНТЕКСТ

Еске салсақ, 2024 жылы елдің бірнеше өңірінде су тасқыны болып, жағдай ұшыққан еді. Ең көп зардап шеккен аймақтар – Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында да су күрт көтеріліп, айтарлықтай шығын келді.

Серіктес жаңалықтары